Елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромент» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктер мәліметінше, ел оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Алматы облысының тау және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
-->