Әртүрлі

Үкіметке төтенше жағдайда уақытша қаулы қабылдау өкілеттігі беріледі

Бұл туралы Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info. 

Оның айтуынша, заңнамалық өзгеріс Үкіметтің құзыретіне де қатысты.

-->

Бұл туралы Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info. 

Парламент Мәжілісінде аралас сайлау жүйесіне көшуге байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша «президенттік квотаны» қалыптастыру тәртібі өзгерді. Сонымен қатар, қабылданған конституциялық түзетулерге сәйкес Парламенттің өкілеттігіне қатысты бірқатар нақтылайтын өзгертулер енгізілді, - деді Алма Мұқанова.

Оның айтуынша, заңнамалық өзгеріс Үкіметтің құзыретіне де қатысты.

Үкіметке кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда заңнамалық күші бар уақытша қаулы қабылдау өкілеттігі беріледі. Бұл - эксклюзивті жағдайда қолданылатын іс-шара. Осылайша актілерді негізсіз қабылдау тәуекелдерін барынша азайту мүмкіндігі туып отыр, - дейді ол.