Әртүрлі

Ұн бағасы 45 пайызға қымбаттады

Елімізде ұн бағасы бір жылда 45 пайызға қымбаттады, деп хабарлады Elorda.info.

Zakon.kz жазуынша, сарапшылар Қазақстанда ұн бағасы рекордтық өсім көрсеткенін есептеді. Олардың есебі бойынша, ұнның бөлшек саудадағы бағасы бір жылда 45 пайызға қымбаттады.
Қазан айында ұн бағасы жыл басынан бері рекордтық 41,3%-ға қымбаттады. Ал 2021 жылдың қазан айымен салыстырғанда баға 44,3%-ға өсті.

Сондай-ақ бір айда бағаның 1,2 пайызға өскені айтылады.

Сарапшылар бағаның бұрынғы рекордтық өсімі 10 жылдан астам уақыт бұрын, 2012 жылдың тамызында 5,6%-ға көтерілгенін түсіндіреді.

Жоғары сортты бидай ұнының бөлшек сауда бағасы 2022 жылдың қазан айында келісіне 369 теңгені, бірінші сұрыпты – келісіне 245 теңгені құрады деп жазылған Energyprom.kz  зерттеуінде.

Қалалар арасындағы ең жоғары сұрыпты бидай ұнының ең қымбат келісі:

Астана (447 теңге);

Ақтау (411 теңге);

Шымкент (406 теңге).

Ең арзан ұн Ақтөбе, Павлодар, Жезқазған және Семей қалаларында сатылды.

Бұл ретте жарма және көкөніс ұнынан, сондай-ақ ұсақ ұнтақтау қоспаларынан ұн өндіру 1,5%-ға өсті. Көлемнің жартысынан астамы Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласына тиесілі.

-->