«Астана-Петропавл» автожолының бөлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды
СҚО-да Келлеровка ауылынан Петропавл қаласына дейінгі жол жабылды, деп хабарлады Elorda.info QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлеметке сай, күре жолдағы ахуал ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының Солтүстік Қазақстан өңіріндегі филиалының бақылауында. 20 бірлік арнайы техника мен 25 жолшы маман қызмет етуде.
-->СҚО-да Келлеровка ауылынан Петропавл қаласына дейінгі жол жабылды, деп хабарлады Elorda.info QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты СҚО-да көліктің барлық түрі үшін кеше сағат 22:00-ден бастап А-1 «Астана-Петропавл» автожолының 367-473 шақырым аралығы (Келлеровка ауылынан Петропавл қаласына дейінгі учаске) жабылды,- делінген хабарламада.
Мәлеметке сай, күре жолдағы ахуал ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының Солтүстік Қазақстан өңіріндегі филиалының бақылауында. 20 бірлік арнайы техника мен 25 жолшы маман қызмет етуде.