Әртүрлі

Димаш Құдайберген бейнеленген үлкен мурал салынды

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасына әнші Димаш Құдайбергеннің муралы салынды, деп хабарлады Elorda.info.

«Zakon.kz» жазуынша, суреттің биіктігі – 18 метр.

Танымал әнші Ақтөбеде әнші Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген. Сондықтан жоба авторлары оның суретін туған қаласына тарту етуді ұйғарыпты.

Суретшілер үлкен, жарқыраған композиция қала тұрғындарын қуантады деген сенімде.

Бұл суреттің көлемі шамамен тоғыз қабаттан асады. Шеберлер температураның шектен тыс әсеріне төтеп беретін граффитиге арналған арнайы бояуларды қолданған.

-->