Әртүрлі

Актерлер отандық сериалдарға түскісі келмейді – режиссер

Себебі төленетін гонорар тым аз. «Astana media week – 2022» алаңында бүгін «Сериал индустриясының жаңа кезеңі» тақырыбы төңірегінде диалог құрылды, деп хабарлады Elorda.info.

«Хабар24» телеарнасының мәліметінше, телеарна басшылары мен режиссер, продюсер, сценаристердің басын қосқан жиында саладағы түйткілдер тізіліп, оны шешу жолдары ұсынылды.

Өнім өндірушілердің айтуынша, әлем елдерінде сериал қысқаметражды туындылардың қатарына кірмейді. Керісінше, кәдімгі фильм ретінде қарастырылады. Ал, бізде олай емес. Сәйкесінше, мемлекет тарапынан бөлінетін қаражаттың көлемі де көңіл көншітпейді.

-->

Мысалы, мен сериал өндіруші ретінде санаты төмен қызметкерлермен жұмыс істегім келмейді. Арзан гонорарға. Мен білікті маманмен істегім келеді. Ал ол білікті маманның алдында бірнеше ұсыныс тұрады. Менің ұсынған қаламақымнан қаншама есе көп. Сондықтан, менің ойымша, сериалды киноиндустрия ретінде қарастыратын уақыт жетті, - деді режиссер Гүлнұр Мамасарипова.