Әртүрлі

560 млн теңге: бағалы бұйымдарды контрабандамен әкелмек болған ер азамат ұсталды

Елорданың халықаралық әуежайында Ыстамбұлдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған азамат ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған зергерлік бұйымдардың жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асты. Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

-->

ҚМА қызметкерлері жарты миллиард теңгенің контрабандалық зергерлік бұымдарын елордаға әкелу әрекетін тоқтатты. Бұл факт Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келеді. Олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленген, - деп жазылған хабарламада.