Әртүрлі

5 млн га бос жатқан ауылшаруашылық жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды

5 млн га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады Elorda.info.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, қазіргі таңда жер пайдаланушылар бұрын тұрып қалған 1,8 млн га жерді игеруге кірісті.

Айта кетейік, биыл Жер ресурстарын басқару комитетінің республика бойынша аумақтық бөлімшелері  ауыл шаруашылығы жерлерін алу мен пайдаланудың заңдылығына қатысты 1357 жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.

-->

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 28 сәуірде құрамына мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдары кіретін жұмыс комиссиясы  құрылғанын еске саламыз. Осы комиссия құрылған сәттен бастап барлық өңірлерде ведомствоаралық топтар құрылды. Биылғы жылдың 9 тамызында Қазақстан Президенті жер мәселелері бойынша тексерулер үшін ерекшелікті көздейтін Жарлыққа қол қойды. Бұл пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару  бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін едәуір арттырды, - деп жазылған хабарламада.