Әртүрлі

Қостанай облысындағы өрт салдарынан 4 млрд теңге шығын келді

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, екі комиссия осы өрттен болған залалды есептеу жұмысын жүргізген.

 

-->

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысындағы соңғы өрт туралы айтар болсам, бастапқыда жалпы ауданы 43,8 мың гектар дегенбіз. Бірақ есептеген кезде су ныснадары мен ауыл шаруашылығы жерлері алып тастағанда шамамен 40 мың гектар болды. 35 мың гектарға жуық орман алқабы өрттен зардап шекті, - деді министр.

Министрдің айтуынша, екі комиссия осы өрттен болған залалды есептеу жұмысын жүргізген.

Бүгінгі таңда алдын ала деректер бар. Өрттен келген тікелей залал шамамен 4 млрд теңгені құрады. Өрттің себебіне келер болсақ, қазір бізбен жұмыс істеген комиссия және ведомствоаралық комиссия әзірше табиғи өрт емес деген нұсқаға сүйеніп отыр. Комиссия мұны қылмыстық іс аясында тергеуде. Меніңше, жақын арада өрттің нақты себебі анықталады, - деді ол.