Украинада 200-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін – СІМ
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазіргі кезде Украинада жүрген Қазақстан азаматтары жайында айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрі адамдардың негізгі бөлігі Қазақстанға келгенін айтты.
Министр Киевтегі Қазақстан елшілігін толықтай көшіру мәселесі қарастырылмағанын атап өтті.
-->Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазіргі кезде Украинада жүрген Қазақстан азаматтары жайында айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі жағдайда ақпарат жинау өте қиын. Әскери қақтығыс жүріп жатқанын және адамдардың біразы Украинадан өз бетінше кетіп жатқанын ескерсек, тиісті есептеулерді жүргізу қиынға түсіп отыр. Дегенмен, Қазақстан азаматтарынан өтініштер келіп жатыр. Консулдың пайымынша, Украина аумағында 200-ге жуық азамат болуы мүмкін, - деді М. Тілеуберді.
Сыртқы істер министрі адамдардың негізгі бөлігі Қазақстанға келгенін айтты.
Польша мен Молдоваға эвакуациялау үшін шекаралар ашық. Шекарадан өткенде біздің елшілік көмек көрсетеді, - деді М. Тілеуберді.
Министр Киевтегі Қазақстан елшілігін толықтай көшіру мәселесі қарастырылмағанын атап өтті.
Киевте біздің консул қалды. Ол күн сайын Украинадағы азаматтарымызды қабылдап отыр. Ел азаматтары түрлі мәселе бойынша көмек сұрап келіп жатыр. Елшілікті толықтай көшіру немесе уақытша жабу мәселесі қаралып отырған жоқ, - деді министр.