Әртүрлі

Астанада әуежайлардың инфрақұрылымына арналған халықаралық көрме өтіп жатыр

Бүгін елордада «Airport Expo2022» Халықаралық əуежайлар инфрақұрылымының көрмесі ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

ИИДМ мәліметінше, көрмеге әлемнің 10-нан астам елінің өкілдері қатысып жатыр. Іс-шарада Орталық Азияның халықаралық əуежайлары мен ірі габаритті əуайлақтық техника стендтері көпшілік назарына ұсынылды.

 Қазақстан Орталық Азиядағы ірі іскерлік және транзиттік хабқа айналуды көздейді. Бүгінде еліміздің азаматтық авиация саласында бұл тарапта нақты жұмыстар жүзеге асырылып, оң серпіліс байқалады. Атап айтқанда, жаңа əуежайлар мен терминалдар пайдалануға беріліп, жаңа авиациялық бағдарлар енгізіліп жатыр.

-->

«Airport Expo» көрмесін елімізде өткізудегі басты мақсат – азаматтық авиацияны жаңғырту жəне оны жетілдіру мəселелерін бірлесе шешу. Бұл бастама өз кезегінде саланың дамуына тың серпін бермек. Ал Қазақстан астанасының географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы жүк, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын жаңа авиакомпанияларды тарту кезінде басты артықшылық болып есептеледі, - деп жазылған хабарламада.