Елімізде жыл сайын орта есеппен 15 мың өрт тіркеледі
Күн суытып, жылыту құрылғылары қосыла бастағаннан тұрғын үй секторындағы өрттер саны артып келеді. Жыл сайын республика бойынша орта есеппен 15 мың өрт орын алады. Шамамен 59% – тұрғын үй секторында. Бұл туралы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша, ведомство 2022-2023 жылдары қысқы кезеңде ТЖ-ға азаматтық қорғау жүйесін дайындау туралы бұйрық әзірледі, онда қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қоюға күштер мен құралдарды дайындау бойынша тиісті іс-шаралар көзделген. Бұдан басқа, осы бұйрықпен мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар үшін азаматтық қорғау қызметінің өздеріне жүктелген функцияларды орындауға дайындығы жөніндегі міндеттер айқындалды.
Төтенше жағдайларды жоюда ведомстволық бағынысты бөлімшелер ерекше рөл атқарады. Бұл «Қазавиақұтқару» АҚ, әскери бөлімдер, трассалық медициналық-құтқару пункттері мен өрт сөндіру бөлімдері.
-->Күн суытып, жылыту құрылғылары қосыла бастағаннан тұрғын үй секторындағы өрттер саны артып келеді. Жыл сайын республика бойынша орта есеппен 15 мың өрт орын алады. Шамамен 59% – тұрғын үй секторында. Бұл туралы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша, ведомство 2022-2023 жылдары қысқы кезеңде ТЖ-ға азаматтық қорғау жүйесін дайындау туралы бұйрық әзірледі, онда қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қоюға күштер мен құралдарды дайындау бойынша тиісті іс-шаралар көзделген. Бұдан басқа, осы бұйрықпен мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар үшін азаматтық қорғау қызметінің өздеріне жүктелген функцияларды орындауға дайындығы жөніндегі міндеттер айқындалды.
Жалпы саны 35 мың адамнан және 13 мың бірлік техникадан қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі күштер мен құралдардың Республикалық тобы әзірленді. Жылыту пункттері ретінде пайдалануға болатын 40 трассалық медициналық-құтқару пунктініңжұмысы ұйымдастырылды. Басқару органдарының, күштер мен құралдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайындығын қамтамасыз ету үшін Қостанай облысындағы басшылық штабымен «Қыс – 2022» РКШО өткізу жоспарланған, - деп атап өтті И.Күлшімбаев.
Төтенше жағдайларды жоюда ведомстволық бағынысты бөлімшелер ерекше рөл атқарады. Бұл «Қазавиақұтқару» АҚ, әскери бөлімдер, трассалық медициналық-құтқару пункттері мен өрт сөндіру бөлімдері.