Еліміздегі жолдарда 10 мыңнан астам апат болған
Биыл елдегі жолдарда 10 мыңнан астам апат болған. Салдарынан 1700-ден аса адам көз жұмып, 13 мыңға жуығы жарақат алды, деп хабарлады Elorda.info.
«Хабар24» жазуынша, қайғылы жағдайдың 95 проценті жүргізушілердің кінәсінен болады. Көлікті мас күйде басқарғаны үшін 18 мыңнан астам жүргізуші ұсталды. Ал жолдағы әрбір төртінші апат жылдамдықты сақтамаудан екен.
Жазатайым оқиғадан опат болатындар мен жарақат алатындардың төрттен бірі жаяу жүргіншілер екен. Көлік қағып, мерт қылған немесе жарақаттанған балалар көп. Енді Ішкі істер министрлігі жол тәртібін мектепте түсіндірмек.
Ережелер туралы арнайы пән болады.
-->Биыл елдегі жолдарда 10 мыңнан астам апат болған. Салдарынан 1700-ден аса адам көз жұмып, 13 мыңға жуығы жарақат алды, деп хабарлады Elorda.info.