Әртүрлі

Биыл Астана – Нха Транг арасындағы әуе рейстері ашылады

Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей рейстің ашылуының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Elorda.info Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

VietJet Air вьетнамдық авиакомпания  2022 жылдың 25 қазанынан бастап Алматы - Нха Транг бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды. Ұшулар аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, сенбі) А-330 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Vietjet Air 2022 жылдың 25 желтоқсанынан бастап Астана – Нха Транг бағыты бойынша ұшуларды бастауды жоспарлап отыр. Рейстер А-330 типті әуе кемелерімен аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі, бейсенбі) орындалатын болады.

Айта кетейік, VietJet Air - 2007 жылы құрылған вьетнамдық төмен бюджеттік авиакомпания. 100-ге жуық Айрбас А-320, А-321 және А-330 типті әуе кемелерін пайдаланады. Авиакомпанияның штаб пәтері Хошимин қаласында (Вьетнам) орналасқан.

-->