Әртүрлі

Елімізде 16 қазанда Нан күні аталып өтіледі

Ертең «EXPO» халықаралық көрме орталығында «KazAgro/KazFarm-2022» көрмесі басталады, деп хабарлады Elorda.info.

Көрме туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

Көрмеге ауыл шаруашылығына тың технологиялар ұсынып жүрген өндірушілер келеді. Арасында қазақстандық кәсіпорындар да, шетелдік ірі компаниялар да бар.

-->

Ертеңнен бастап елордадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында 12-14 қазан аралығында «KazAgro/KazFarm-2022» көрмесі өтеді. Көрме нарыққа агроөнеркәсіптік секторға аграрлық ғылымның соңғы әлемдік жетістіктерін енгізуге ықпал ететін жетекші әлемдік автоконцерндердің, инновациялық технологиялар мен аграрлық секторды дамыту бағдарламаларының ауыл шаруашылығындағы жаңа техника мен жабдықтарды ұсынады, - деді министрлік өкілі.

Көрмеге ауыл шаруашылығына тың технологиялар ұсынып жүрген өндірушілер келеді. Арасында қазақстандық кәсіпорындар да, шетелдік ірі компаниялар да бар.

Сондай-ақ көрме аясында Өсімдік шаруашылығы озаттарының екінші слеті өткізіледі. Оның аясында саланың үздік өкілдерінің еңбегі атап өтіледі. Биыл слет Үкімет қаулысына сәйкес жыл сайын 16 қазанда атап өтілетін Нан күніне арналған біздің үлкен кәсіби мерекеміз дөп келіп отыр. Дәстүр бойынша, слет негізгі егін жинау науқанының соңында өтетін еді. Ал биыл біздің фермерлердің жетістігі осы көрмеде паш етуге лайық болғалы тұр, - деді вице-министр.