Елімізде құрылыс ережесі өзгереді
Қазақстанда 2023 жылдың соңына дейін қала құрылысы кодексінің жобасы әзірленеді, деп хабарлады Elorda.info LS-ке сілтеме жасап.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қалаларды салу кезінде Кодекстің болмауына байланысты бас жоспардың талаптары жиі бұзылады. Оның ішінде аумақтарды белгіленген функционалдық аймақтарға бөлу, құрылыс тығыздығының параметрлері, талап етілетін қабаттылық, шегіністерді, объектілер арасындағы қашықтықты ескеру сақталмайды.
Кодексті енгізудегі осы проблемаларды шешу үшін қолданыстағы салалық заң шеңберінен шығатын мәселелерді шешу жоспарланып отыр.
Оның ішінде бірқатар нормаларды заңнамадан кодекске көшіру арқылы «таза парақтан реттеу» қағидатын енгізу жоспарлануда.
Жеке және қоғамдық-құқықтық нормалар мен қатынастар дәлірек бөлінеді деп күтілуде. Қадағалаудағы қайшылықтар жойылады. Кодекстің өзі бүкіл елдегі қатынастарды реттейтін болады.
Министрлікте кодекс есебінен мемлекет, инвесторлар, құрылыс салушылар мен халық мүдделерінің теңгерімі пайда болады деп пайымдайды. Өзін-өзі реттеу институты пайда болады. Құрылыс саласының инвестициялық тартымдылығы артады.
Бұл өз кезегінде салық түсімдерінің ұлғаюына, саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесінің өсуіне, жұмыспен қамтудың ұлғаюына және сервистік, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың қызметтерінің өсуіне әкеледі.
Сонымен қатар, жұмыс тобы қазіргі уақытта Кодекс жобасын құру үшін қадамдық шаралар жоспарын әзірлеуде.
-->