Төртінші курс студенті айына миллион теңге табады
Suleyman Demirel атындағы университеттің ІV курс студенті Бексұлтан Әйтен бірер жыл бұрын курьерлердің қызметін алмастыратын дрон ойлап тапқан. Бұл дрондар тапсырыс берушіге бургер, пицца сынды фаст-фудты тез арада жеткізе алады, деп хабарлады Elorda.info.
Ол Kursiv-ке берген сұхбатында кәсіпкерлердің қызығушылығын оятқан құрылғы жайында айтып берді.
Бексұлтан Әйтенде қазір алты түрлі дронның прототипі бар.
Сондай-ақ ол алдағы жоспарларымен де бөлісті.
-->Suleyman Demirel атындағы университеттің ІV курс студенті Бексұлтан Әйтен бірер жыл бұрын курьерлердің қызметін алмастыратын дрон ойлап тапқан. Бұл дрондар тапсырыс берушіге бургер, пицца сынды фаст-фудты тез арада жеткізе алады, деп хабарлады Elorda.info.
Ол Kursiv-ке берген сұхбатында кәсіпкерлердің қызығушылығын оятқан құрылғы жайында айтып берді.
Мен құрастырған тасымалдаушы дрондар тек тамақ қана емес, жүктерді де қажетті жерге жеткізе алады. Бірақ қазіргі уақытта бұл дронға тамақ, яғни фаст-фуд жеткізетін кәсіпкерлер қызығып жатыр. Мысалы, тамақ таситын курьер күніне 10-15 тапсырыс орындап, 200-300 мың айлық алса, бұл дрондар да тура солай тапсырысты орындап, көп қаражатты үнемдей алады, - деді студент.
Бексұлтан Әйтенде қазір алты түрлі дронның прототипі бар.
Жобаларымды әлеуметтік желіге салып, тапсырыс қабылдаймын. Дрондарды сатып, айына 1 млн теңгеге жуық ақша табамын. Бір айда 3-4 жобаға тапсырыс қабылдаймын, - деді ол.
Сондай-ақ ол алдағы жоспарларымен де бөлісті.
Әскери мақсатта қолдануға болатын робот дрондарды жасау ниетім бар. Бұл адам шығының азайтуға көмектеседі. Дрондардың тек тамақ пен әскери бағытта емес, медицина саласында пайдасы көп боларына сенемін. Мен болашақта адам таситын дрон құрап шығарғым келеді, - деді студент.