Әртүрлі

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4, 5 және 6 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері антициклонның әсерінен ауа райы жылы болады. Қазақстанның батыс және таулы облыстарында құрғақ және ашық ауа райы күтіледі. Ал күндіз ауа температурасы бірте-бірте жылынады.

-->

Солтүстікте ауа температурасы күндіз 8-13 градустан 15-20 градусқа дейін, оңтүстік облыстарда 15-20 градустан 20-25 градусқа дейін жылы болады. Республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында 15-23 градус жылы, Қазақстанның шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда 5-13 градус жылы болады, - делінген хабарламада.