Бүгінгі ауа райы қандай болады
Қазгидромет синоптиктері 2 қазан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік антициклон ықпал етеді, сондықтан жауын-шашын жаумайды.
Тек еліміздің батысы, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста тұман, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Қарағанды, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
-->