Әртүрлі

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа маусымын өткізді

Елордада құрамына  республикалық 4 арна, республикалық 4 радио,14 аймақтық телеарна және 23 интернет портал кіретін отандық жетекші медиақұрылым «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа маусымын ресми түрде ашты, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, телевизия ардагерлері мен медиаменеджерлер қатысты. Маусымашарда телерадиокорпорацияның Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай  жаңа маусымдағы жобалармен таныстырып, корпорацияның алдағы жоспарымен бөлісті.

-->

Бұл маусымда көрермен сұранысына ие, брендке айналған барлық жобалар жалғасын табады, жаңалары да жоқ емес. Өздеріңіз байқағандай, «Qazaqstan» арнасы қазіргі кезде ұлттық бағытын, атауын сақтай отырып, қоғамдық-саяси телеарнаға айналды. Тек қазақ тілінде ақпарат тарата отырып, нарықта бәсекеге қабілетті бола алды, бұған рейтингтік көрсеткіштер дәлел. Ендігі межеміз – «Qazaqstan» деген брендті одан әрі танымал ету, шетелдік нарыққа шығу. Қазір  «Qazaqstan» телеарнасының диджитал нұсқасын шығардық. Qazaqstan OTT каналы шетелдерде үздіксіз көрсетіліп тұр. Яғни, диджиталдағы көшбасшылығымыз бұл бағытта да жалғасып отыр. Жақын уақыттарда шетелдегі көрермен үшін, шетелдегі қандастарымыз үшін дәстүрлі эфирлік нұсқамызды шығарамыз. Жақында ұлттық арна эфирі Қырғызстанда тарала бастайды, - деді Басқарма төрайымы.