Фискалды чектің берілмегені туралы шағымданғандарға 11,3 млн теңге сыйақы төленді
Фискалды чектің берілмегені және банк картасын қабылдаудан бас тартқаны туралы шағымданған азаматтарға 11,3 млн теңге сыйақы төленді, деп хабарлады Elorda.info Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік кірістер комитеті өзін-өзі реттеу және қоғамдық бақылау құралдарын жандандыру үшін 2020 жылдың мамыр айынан бастап «Азаматтық бақылау- чекті талап ет» акциясын өткізіп жатыр. Аталған акция аясында азаматтар бақылау-касса машинасының фискалды чегінің берілмегені және банк картасын қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлай алады.
«Азаматтық бақылау - чекті талап ет» акциясына кез-келген ниет білдіруші қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштерді Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады.
Фискалды чекті бермеу және банк картасын қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «Wipon cashback» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және бұзушылық фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы алуға болады.
Жыл басынан бері заң бұзушылықты қайталағаны үшін 474 кәсіпкерге 14,6 млн. теңгеге айыппұл салынды.
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзуға нөлдік төзімділік танытуға және «Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясына белсенді қатысуға шақырады.
-->Фискалды чектің берілмегені және банк картасын қабылдаудан бас тартқаны туралы шағымданған азаматтарға 11,3 млн теңге сыйақы төленді, деп хабарлады Elorda.info Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік кірістер комитеті өзін-өзі реттеу және қоғамдық бақылау құралдарын жандандыру үшін 2020 жылдың мамыр айынан бастап «Азаматтық бақылау- чекті талап ет» акциясын өткізіп жатыр. Аталған акция аясында азаматтар бақылау-касса машинасының фискалды чегінің берілмегені және банк картасын қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлай алады.
«Азаматтық бақылау - чекті талап ет» акциясына кез-келген ниет білдіруші қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштерді Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады.
Фискалды чекті бермеу және банк картасын қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «Wipon cashback» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және бұзушылық фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы алуға болады.
Биыл акция басталғаннан бері азаматтардың хабарлауы бойынша 11,3 мың бұзушылық фактісі расталды. Оларға 11,3 млн.теңге сомасында сыйақы төленді.Мұндай бұзушылық үшін алғашында ескерту беріледі, ал егер заң бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, кәсіпкерге айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің өлшеміне байланысты болады, - деп жазылған хабарламада.