Адам саудасы үшін 11 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды – ІІМ
Ішкі істер министрлігі адам саудасы үшін 11 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкентте полиция кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға, жеңгетайлыққа, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жыныстық қанау мақсатында адам саудасына тарту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Топтың кейбір мүшелері жас әйелдер мен қыздарды іздеумен айналысқан. Олармен танысып, сеніміне кіре отырып, осы «іске» тартқан.
Белгілі болғандай, қыздарды әлеуметтік желі арқылы Қарағанды, Семей, Атырау, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалалары мен Түркістан облысынан тапқан. Билет сатып алу мен тұруға кеткен шығынды қылмыстық топтың ұйымдастырушылары төлеген.
Жыныстық сауданың құрбандары арасында 17 мен 25 жас аралығындағы 14 қыз бар. Оның ішінде 6-ы кәмелетке толмағандар.
Барлығы 11 адам ұсталды. Олар қазір Шымкенттегі тергеу изоляторында қамауда.
Бұл бойынша қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр.

Тергеу барысында олардың қылмыстық әрекеттері Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында жүзеге асырылғаны анықталды. Топтағы рөлдер нақты бөлінген. Оның ұйымдастырушылары үш апалы-сіңлілі болып шықты. Олар сенімді адамдарымен бірге қылмыстық әрекеттерді үйлестірген. Қорқыту мен бопсалау, «айыппұлдар» арқылы қыздарды синтетикалық есірткі қолдануға және ақылы (кейде әртүрлі тауар үшін де) жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген, - деп жазылған хабарламада.
Топтың кейбір мүшелері жас әйелдер мен қыздарды іздеумен айналысқан. Олармен танысып, сеніміне кіре отырып, осы «іске» тартқан.
Белгілі болғандай, қыздарды әлеуметтік желі арқылы Қарағанды, Семей, Атырау, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалалары мен Түркістан облысынан тапқан. Билет сатып алу мен тұруға кеткен шығынды қылмыстық топтың ұйымдастырушылары төлеген.
Топтың басқа мүшелері «әкімші» және «кассир» рөлін атқарды. Олар қыздардың тәртібін қадағалап, есеп пен касса жүргізіп, интернеттегі жарнамалар арқылы табылған «клиенттерді» қабылдап отырған. Қылмыскерлердің тапқан табысы, бүгінгі ақпарат бойынша, шамамен 150 миллион теңгені құрайды, - деп жазылған хабарламада.
Жыныстық сауданың құрбандары арасында 17 мен 25 жас аралығындағы 14 қыз бар. Оның ішінде 6-ы кәмелетке толмағандар.
Қыздарды жалдамалы пәтерлерде ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бірқатар жағдайларда күдіктілер қыздарды өзімен бірге ертіп, қонақүйлер мен сауналарға апарған. Қыздар туған-туыстарын тыныштандыру үшін ата-аналарына бала күтуші болып жұмыс істейтіндерін айтқан, - деп жазылған хабарламада.
Барлығы 11 адам ұсталды. Олар қазір Шымкенттегі тергеу изоляторында қамауда.
Осы факті бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде: 2 дерек – Қылмыстық кодекстің 262-бабының 1, 2-бөлігі (Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу), 5 дерек – Қылмыстық кодекстің 128-бабы (Адам саудасы), 5 дерек – Қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту), 2 дерек – Қылмыстық кодекстің 308-бабы (Жезөкшелікке тарту), 3 дерек – Қылмыстық кодекстің 309-бабы (Притон ұстау мен жеңгетайлық), 1 дерек – Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі заттарын алу, сақтау, тасымалдау) бойынша, - деп жазылған хабарламада.
Бұл бойынша қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр.