Депутат Үкіметке елдегі су саласына қатысты сауал жолдады
Мәжіліс депутаты Ғани Ташкараев қазіргі таңда су тапшылығы ғаламдық деңгейде өзекті проблемаға айналып отырғанын айтып, Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады Elorda.info.
БҰҰ бағалауы бойынша, 2030 жылы жер шары халқының тең жартысы өндірістік, ауыл шаруашылығы және жеке қажеттіліктер үшін тұщы су жеткіліксіз аймақтарда өмір сүретін болады. Әсіресе, суармалы егістікпен айналысатын қуаңшылық аймақтар үлкен зардап шегеді.
Депутат атап өткендей, 2022 жылғы 17 маусымда ҚР Парламентінің Мәжілісінде "Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары" тақырыбында парламенттік тыңдау өткізілді. Аталған шара барысында су шаруашылығының өзекті мәселелері, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау объектілері мен нысандарын қайта жаңғырту, су қорларын үнемді пайдалану, суды тұтыну кезіндегі шығынды азайту жолдары талқыланып, оларды шешу бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ депутат мұндай ахуал еліміздің барлық өңірлерінде орын алып отырғанын атап өтті.
-->Мәжіліс депутаты Ғани Ташкараев қазіргі таңда су тапшылығы ғаламдық деңгейде өзекті проблемаға айналып отырғанын айтып, Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады Elorda.info.
БҰҰ бағалауы бойынша, 2030 жылы жер шары халқының тең жартысы өндірістік, ауыл шаруашылығы және жеке қажеттіліктер үшін тұщы су жеткіліксіз аймақтарда өмір сүретін болады. Әсіресе, суармалы егістікпен айналысатын қуаңшылық аймақтар үлкен зардап шегеді.
Еліміздегі су саласының жағдайы сын көтермейді. Су қорғау аймақтарында кейбір шаруашылық қызмет түрлерінің заңсыз жүргізілуі немесе экологиялық заңнама талаптарының бұзылуы су қорларының ластануына және азаюына, жерасты сулары деңгейінің төмендеуіне және су тапшылығына әкеп соқтыруда, - деді Ғ.Ташкараев.
Депутат атап өткендей, 2022 жылғы 17 маусымда ҚР Парламентінің Мәжілісінде "Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары" тақырыбында парламенттік тыңдау өткізілді. Аталған шара барысында су шаруашылығының өзекті мәселелері, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау объектілері мен нысандарын қайта жаңғырту, су қорларын үнемді пайдалану, суды тұтыну кезіндегі шығынды азайту жолдары талқыланып, оларды шешу бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.
Қазіргі таңда су саласының проблемалары шешімін әлі таппағаны және 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында қаражаттың көзделмегені қынжылтады. Қазірдің өзінде кейбір өңірлерде су тапшылығының келеңсіз салдары көрініс бере бастады. Мысалы, қазіргі таңда Түркістан облысы Сайрам ауданының суармалы егістікпен айналысатын диқандары егістіктің 60%-ға жуығын жоғалтып, шығынға батуда, - деді депутат.
Сондай-ақ депутат мұндай ахуал еліміздің барлық өңірлерінде орын алып отырғанын атап өтті.