Әртүрлі

Телефон нөміріне биометриялық сәйкестендіру енгізіледі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің мәлімдеуінше, телефон алаяқтарымен күресу мақсатында нөмір сатып алғанда биометриялық сәйкестендіру енгізіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Министрдің пікірінше, осыдан кейін мыңдаған нөмір сатып алып, өзіне рәсімдейтін адамдар саны азаяды. Бұл норма тек жаңа нөмірлер үшін ғана емес, ескі нөмірлер үшін де енгізіледі.

Гүлжан Уалиева

-->

Біз ұялы телефонды тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіруді енгіземіз. Әйтпесе қазір бір адамның атына қаншама нөмір рәсімделеді, олар шетелге шығарылады. Сол арқылы алаяқтар арам ойларын жүзеге асыра бастайды. Мұның алдын алу үшін біз нормативтік-құқықтық құжаттарға қажетті өзгерістер енгізіп жатырмыз. Техникалық тұрғыдан дайынбыз, - деді ол.

Министрдің пікірінше, осыдан кейін мыңдаған нөмір сатып алып, өзіне рәсімдейтін адамдар саны азаяды. Бұл норма тек жаңа нөмірлер үшін ғана емес, ескі нөмірлер үшін де енгізіледі.

Егер бұл нөмірлер арқылы алаяқтық жасалса, онда оның иелері жауапқа тартылады. Әйтпесе қазір олар біз білген жоқпыз деп ақталады. Ал биометриялық сәйкестендіру кезінде адам нөмірді сатып аларда бұл шынымен де өз нөмірі екенін растайды, - деп түсіндірді Мусин.

Гүлжан Уалиева