Әбілязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға оралды
Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы халықаралық іздестіруден елге қайтарылды, деп хабарлады Elorda.info Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
-->Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы халықаралық іздестіруден елге қайтарылды, деп хабарлады Elorda.info Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«БТА-Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша 2011 жылдан бастап іздеуде «Жаңа Қалқаман» ЖШС атаулы директоры Пак Виталий Леонидович болды. 2006-2008 жылдар кезеңінде осы компанияны заңсыз несиелеу арқылы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары 8,9 млрд теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатты ұрлады. 2019 жылы Пак Қытай (Чэнду қ.) аумағында анықталды. Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады. Осы жылы 27 тамызда ҚР ІІМ Интерполдың көмегімен Пак Чэнду қаласынан Алматы қаласына келіп, тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - делінген хабарламада.