Әртүрлі

Қыркүйекте өңірлерге 330 мың тонна көмір жіберілді – министрлік

Қыркүйек айының алғашқы 10 күндігінде өңірлерге 329,9 мың тоннаға жуық көмір жөнелтілді, деп хабарлады Elorda.info Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Негізгі екпін солтүстік аймақтарға жасалып отыр, өйткені онда жылу беру маусымы басқа өңірлерге қарағанда ертерек басталады.

Министрлік ел азаматтарын дер кезінде көмірмен қамтамасыз ету мақсатында күнделікті жергілікті атқарушы органдармен, ҚТЖ және көмір разрездерімен жиналыстар өткізіп отыр.

-->

Тупиктер мен сауда қоймаларында көмір қалдығы 351,094 мың тоннаны құрайды. Сондай-ақ жақын арада вагондардың келіп түсуі жоспарланып отыр, - деп жазылған хабарламада.

Министрлік ел азаматтарын дер кезінде көмірмен қамтамасыз ету мақсатында күнделікті жергілікті атқарушы органдармен, ҚТЖ және көмір разрездерімен жиналыстар өткізіп отыр.

Қыркүйек айына арналған жоспар он күннің ішінде 30 пайызға орындалған. Ай соңына дейін межелі жоспар толықтай жүзеге асады, -  дейді мамандар.