Кірісі мен мүлкі туралы декларацияны 85 мыңнан астам адам әлі тапсырмаған
Жалпыға бірдей декларациялау аясында декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына 4 күн қалды, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сүйенсек, кірісі мен мүлкі туралы декларацияны 85 мыңнан астам адам әлі тапсырмаған.
-->Жалпыға бірдей декларациялау аясында декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына 4 күн қалды, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сүйенсек, кірісі мен мүлкі туралы декларацияны 85 мыңнан астам адам әлі тапсырмаған.
Кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00-нысан) 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде электронды түрде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсыну қажет. 2021 жылы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын (250.00-нысан) ұсынған адамдар 2022 жылы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуы тиіс, - деп жазылған хабарламада.