Әртүрлі

Банктер өтелмеген несие үшін тәркіленген мүлікті өз меншігінде 3 жыл ғана ұстай алады

Банктер мен микроқаржы ұйымдары борышкерден өтелмеген несие үшін тәркіленген мүлікті өз меншігінде 3 жыл ғана ұстай алады, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Банктер мен микроқаржы ұйымдары борышкерден өтелмеген несие үшін тәркіленген мүлікті өз меншігінде 3 жыл ғана ұстай алады, деп хабарлады Elorda.info.

Заң өндіріп алынған мүліктің банктердің және микроқаржы ұйымдарының балансында болуы үшін шекті мерзімді 3 жыл деп белгілеуді, яғни проблемалық кредитті өтеу есебіне банктің меншігіне өткен мүлік түріндегі стрестік активтің болуы үшін шекті мерзімді 3 жыл деп белгілеуді көздейді. Бұл банктерді және микроқаржы ұйымдарын стрестік активтерді экономикалық айналымға жедел түрде тартуға ынталандырады, - деді ОКҚ-де өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.