Соңғы алты айда қанша қазақстандық шетелде демалды
Биыл жарты жылда 3000 қазақстандық шетелде демалды, деп хабарлады Elorda.info.
«Хабар24» жазуынша Қазақстан мен Қатар арасындағы әуе байланысы нығайып келеді. Қазір Доха – Алматы бағытында аптасына 4 рейс жасалса, алдағы көктем-жаз мезгілінде Нұр-Сұлтан – Доха бағыты ашылады.
Қос тарап сондай-ақ авиация мамандарының біліктілігін арттырып, елімізге инвестиция тартуға уағдаласты. Жалпы қазақстандықтар шет елде демалуды жиілеткен. Жарты жылда 3000-ға жуық отандасымыз өзге мемлекеттерге сапар шекті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 110 процентке көп. Десе де, пандемияға дейін, яғни 2019 жылдың 6 айында саяхатшылар саны 5 млн-ға жуықтаған. Биыл елге келген туристер саны 132%-ке артыпты.
-->Биыл жарты жылда 3000 қазақстандық шетелде демалды, деп хабарлады Elorda.info.