Рейстерді кешіктірген әуе компаниялары жауапқа тартылады
Азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Тамызда азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіріп, жолаушылар құқығының бұзылуына жол берген Fly Arystan-ға 6,1 млн теңге көлемінде қосымша екі айыппұл салған. Айта кетейік, шілдеде «Эйр Астана» әуе компаниясына 6 000 АЕК, яғни 18,3 млн теңге болатын алты айыппұл тағайындалды. «SCAT» әуе компаниясы да жауапкершіліктен құтылған жоқ. Рейстерді кідірткені үшін олар 3 млн теңге төлеуге міндетті.