ІІМ трансұлттық қылмыстық топтардың 11 мүшесін ұстады
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері трансұлттық қылмыстық топтардың 11 мүшесін ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті жедел әрекет барысында Бас прокуратураның көмегімен бір-бірімен күреске түскен екі трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті.
Алматы, Атырау, Петропавл, Ақтау қалалары мен Жамбыл облысының аумағында ІІМ-нің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің қатысуымен жүргізілген арнайы операция кезінде жедел қызметкерлер қылмыстық топтардың 11 мүшесін, соның ішінде қылмыстық текетірестерге тартылған “киллерді” ұстады.
Ұсталғандарға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Басқа да қылмыскерлерді ұстау және жауапкершілікке тарту шаралары жүргізіліп жатыр.
-->Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері трансұлттық қылмыстық топтардың 11 мүшесін ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті жедел әрекет барысында Бас прокуратураның көмегімен бір-бірімен күреске түскен екі трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті.
Олар өз ұлтының кәсіпкерлеріне заңсыз алым салып, олардың арасында қылмыстық идеялар мен ұрылардың ұстанымдарын енгізуге әрекеттенген, деп жазылған хабарламада.
Алматы, Атырау, Петропавл, Ақтау қалалары мен Жамбыл облысының аумағында ІІМ-нің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің қатысуымен жүргізілген арнайы операция кезінде жедел қызметкерлер қылмыстық топтардың 11 мүшесін, соның ішінде қылмыстық текетірестерге тартылған “киллерді” ұстады.
Олардың жүрген жерлері мен тұрғылықты мекенжайларына 25 тінту іс-шарасы жүргізіліп, атыс қаруының арсеналы, шетел валютасындағы үлкен көлемдегі ақша, сондай-ақ аса ірі мөлшердегі есірткі құралдары тәркіленді, деп жазылған хабарламада.