Өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары «Балдәурен» лагеріне аттанып жатыр
Қостанайдағы өрттен тұрғын үйлері зардап шеккен отбасылардың балалары «Балдәуренге» аттанып жатыр, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Мұнда олар білім алады әрі емделеді. Қазірдің өзінде 11 оқушы лагерьге орналасқан.
Сонымен қоса, Алматыдағы бастауыш сынып оқушыларына бағытталған «Бөбек» оқу-сауықтыру орталығы да бастауыш сынып оқушыларын қабылдауға дайын екені белгілі болды.
-->Қостанайдағы өрттен тұрғын үйлері зардап шеккен отбасылардың балалары «Балдәуренге» аттанып жатыр, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Мұнда олар білім алады әрі емделеді. Қазірдің өзінде 11 оқушы лагерьге орналасқан.
Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагеріне келе бастады. «Балдәуренге» Қостанай облысының тұрғын үйлері өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары аттанды. Лагерьге ата-аналарының келісімімен баспанасы бүлінбеген, бірақ қауіпсіздік мақсатында өрт қауіпті аймақтардан көшірілген отбасылардың балалары да келе алады, - деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.
Сонымен қоса, Алматыдағы бастауыш сынып оқушыларына бағытталған «Бөбек» оқу-сауықтыру орталығы да бастауыш сынып оқушыларын қабылдауға дайын екені белгілі болды.
Балаларға күнделікті мәселелерді шешкенге дейін осында сауықтырудан өтуге және лагерьдегі мектепке баруға ыңғайлы болады. Оларға қолайлы жағдай жасалған, - дейді Д.Жекебаев.