Фермерлер жеңілдетілген лизингпен 369 техника сатып алды
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жеңілдетілген лизинг бағдарламасы іске асқан бір ай ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға 43,6 млрд теңге сомасына 1089 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға өтінім түскен. Оның ішінде 16,6 млрд теңгеге 369 техника қаржыландырылды.
Бір лизинг алушыға қаржыландыру сомасы - 205 млн теңгеден және үш ауыл шаруашылығы техникасынан аспайды. Қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір-ақ рет беріледі.
-->Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жеңілдетілген лизинг бағдарламасы іске асқан бір ай ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға 43,6 млрд теңге сомасына 1089 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға өтінім түскен. Оның ішінде 16,6 млрд теңгеге 369 техника қаржыландырылды.
Жеңілдікпен кредит беру шарттары:
Лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;
Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6 %-бен ;
Лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) - 0%;
Негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең - 1 жыл, - деп жазды ведомстводан.
Бір лизинг алушыға қаржыландыру сомасы - 205 млн теңгеден және үш ауыл шаруашылығы техникасынан аспайды. Қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір-ақ рет беріледі.