Қостанай облысының тұрғындары тегін байланыспен қамтамасыз етілді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі отандық байланыс операторларымен бірлесіп, ауқымды орман өрті орын алған Қостанай облысының барша тұрғындары үшін тегін ұялы байланыс қызметтерін қамтамасыз етті, деп хабарлады Elorda.info ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, бұдан бөлек, өрттерді сөндіруге жұмылдырылған шұғыл қызметтердің жұмысын қолдау барысында ұялы байланыс операторы ТЖМ қызметкерлерін байланыспен қамтамасыз ету мақсатында арнайы мобильді базалық станцияны орналастырды.
-->Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі отандық байланыс операторларымен бірлесіп, ауқымды орман өрті орын алған Қостанай облысының барша тұрғындары үшін тегін ұялы байланыс қызметтерін қамтамасыз етті, деп хабарлады Elorda.info ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұялы байланыс операторлары тұрғындарға тегін ұялы байланыс трафиктерін жолдады. Осылайша өңір тұрғындары жақындарымен еш кедергісіз байланыс орната алады, - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, бұдан бөлек, өрттерді сөндіруге жұмылдырылған шұғыл қызметтердің жұмысын қолдау барысында ұялы байланыс операторы ТЖМ қызметкерлерін байланыспен қамтамасыз ету мақсатында арнайы мобильді базалық станцияны орналастырды.
Қостанай облысының тұрғындарын өрт апаты салдары жойылғанша сапалы байланыспен қамтамасыз ету мәселесі біздің ведомствоның тікелей бақылауында. Біз отандастарымызға өз тарапымыздан қолдау көрсету бағытында тиісті шараларды жүзеге асырамыз, - деп жазылған хабарламада.