Әртүрлі

Қостанай облысында төтенше жағдай жарияланды

-->

Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Бұл – ең алдымен, жатын орын және тамақтану. 1 800 адам эвакуацияланды. Мектептерге 200-ге жуық адам орналастырылды. Көбісі қауіпсіздігін тексеріп өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарын паналады, - деп мәлім етті Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.