Әртүрлі

Өрттен адам шығыны жоқ – ТЖМ

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

ТЖ министрлігі мен ТЖ департаментінде 8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24 жедел желі ашылып, психологтардың жұмысы ұйымдастырылды. Көмекке мұқтаж азаматтар 112 немесе 101 нөмірлеріне хабарласуына болады.

Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтауда.

ТЖМ хабарлауынша, Әулиекөлдегі өрт аумағы 9 мың гектардан асты, орманның жалпы аумағы 40 мың гектар.

Табиғи апат салдарынан жарақат алғандар мен адам шығыны жоқ.

Оқи отырыңыз: Елордалық өрт сөндірушілер Қостанай облысына көмекке аттанды

Облысқа өзге аймақтардан көмек көрсетіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан өрт сөндіру құралдары мен қосымша күштер жіберілді.

Оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды. Комиссия шешіміне сәйкес табиғи апаттан зардап шеккендердің (үй-жайы өртенген тұрғындарға) барлығына қажетті көмек көрсетіледі.  

-->