Әртүрлі

2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің солтүстік-батысында, шығысында фронталды бөліктерге байланысты жаңбыр мен найзағай жауады. Республика бойынша кей жерлерде, батыста шаңды дауылмен жел күшейеді, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Абай, Қостанай, Қарағанды, Улытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Ақмола, Қостанай облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Күндіз Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Ұлытау, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қатты ыстық сақталады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі,- деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.