Қасым-Жомарт Тоқаев қазақы тазы мен төбетті сақтап қалу мәселесін тапсырды
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Президенттің Іс Басқармасына жеті қазынаның бірі – қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау жұмысын қолға алуды тапсырды, деп хабарлады Elorda.info.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы Айбек Дәдебаев бұл жұмысқа тартылған және мүдделі тараптардың қатысуымен жиын өткізді.
Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр Кеңсесінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Президенттің Іс Басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының, сондай-ақ «Қансонар» республикалық қауымдастығының өкілдерінен жасақталған жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Халықаралық кинологиялық орталықта (FCI) тазы мен төбеттің шыққан елі ретінде Қазақстанды көрсету де мәселе болып отыр. Президент нұсқауы бойынша бұл жұмысқа – ҚР Сыртқы істер министрлігі, ал жеті қазынаның бірі саналатын ұлттық байлығымызды түрлі шаралар арқылы насихаттауға – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетуге тиіс.
-->Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Президенттің Іс Басқармасына жеті қазынаның бірі – қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау жұмысын қолға алуды тапсырды, деп хабарлады Elorda.info.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы Айбек Дәдебаев бұл жұмысқа тартылған және мүдделі тараптардың қатысуымен жиын өткізді.
Басқосуда қазір тазы мен төбет тұқымының тазалығын сақтау ісі сын көтермейтіні айтылды. Жұмыс жүйелі жүргізілмеген, - деп жазылған хабарламада.
Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр Кеңсесінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Президенттің Іс Басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының, сондай-ақ «Қансонар» республикалық қауымдастығының өкілдерінен жасақталған жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Жұмыс тобы Қазақстанның барлық аймақтарында таза қанды тазы мен төбеттің генофондын ғылыми зерттеуді нысаналы қаржыландыру мүмкіндіктерін тауып, мемлекеттік қолдау түрлерін қарастыруға тиіс. Сондай-ақ сақтау және қалпына келтіру бойынша заңнамалық нормалар пакетін әзірлеуі керек, - деп жазылған хабарламада.