Әртүрлі

229 мектепке дейінгі ұйым биыл реновациядан өтеді

Елімізде 11 346 мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымы бар. Биыл 229 мемлекеттік балабақшаны реновациядан өткізу жоспарлануда, деп хабарлады Elorda.info.

Мектепке дейінгі ұйымдардың реновациясы балаларды тәрбиелеу мен оқыту жағдайын жақсартуға бағытталған. Өткен жылы 198 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, компьютерлік техникасы жаңартылып, модернизациядан өткен болатын.

Бұдан басқа, елімізде жаңадан балабақшалар ашылып, желісі кеңеюде. Соңғы 3 жылда мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 801 нысанға көбейді. Ал соңғы бес жылда балабақшаларға кезектілік екі есеге кеміді, осылайша 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 91%-ды құрады. Осы жылы бұл көрсеткішті 92,5%-ға жеткізу көзделуде.

-->

«Біз балаларымыздың оқуы мен дамуы үшін жақсы жағдай жасауға тырысамыз. Мектепке дейінгі ұйымдардың реновациясы – бұл әр баланың болашағын жарқын, табысты етуге салынған инвестиция», - дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.