Бірнеше компанияны рейдерлік басып алу фактісі тергеліп жатыр
Бірнеше компанияны рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден астам қаражатты құрайды.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.
ҚМА-ға аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де келіп түсіп жатыр.
-->Бірнеше компанияны рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден астам қаражатты құрайды.
Биыл 14 шілдесінде Р.Бабаев, Т.Танашев, Д.Әбижанов және А.Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашев халықаралық іздеуге жарияланды.Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың $9 млн жуық құрайтын қаражаты, зергерлік бұйымдары қамауға алынды. Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлік тәркіленді, - деп жазылған хабарламада.