Әртүрлі

Қазпошта 28 тамыздан бастап жұмыс істемейді

Қазпошта АҚ туындаған қолайсыздық үшін клиенттерден кешірім сұрайды.

-->

Жоспарға сай жүріп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылдың 28 тамызы сағат 00:00-ден 2022 жылдың 31 тамыз күнгі сағат 08:00-ге дейін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, «Касса24» терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошта және қаржы қызметтерінің барлық түрі жұмысын тоқтатады. Егер «Қазпошта» АҚ қызметтерін алатын болсаңыз, алдын ала жоспарлаңыз, - делінген хабарламада.

Қазпошта АҚ туындаған қолайсыздық үшін клиенттерден кешірім сұрайды.