Нығматулиннің күйеу баласы қызметінен кетті
Еске сала кетейік, Азат Бектұров 2014 жылдың тамызынан бастап «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметін атқарды.
Ол – Нұрлан Нығматулиннің сыңары Ерлан Нығматулиннің күйеу баласы. Ал оның әйелі Малика Бектұрова 2016-2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
-->2022 жылғы 23 тамызда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Азат Ғаббасұлы Бектұров басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылды, - деп жазылған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.