Әртүрлі

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 300 мыңнан астам қатысты

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 9 мыңға жуық адам жіберілді. Ал өз кәсібін бастау үшін 1,5 мың адамға мемлекеттік грант берілді.

-->

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 9 мыңға жуық адам жіберілді. Ал өз кәсібін бастау үшін 1,5 мың адамға мемлекеттік грант берілді.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 122,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 12,6 мың, жастар практикасымен 14,6 мың, қоғамдық жұмыстармен 91,7 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 2,4 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 249 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 1,3 мың адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 61,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті, - деп жазылған хабарламада.