«Жасыл Қазақстан» жобасына 161 миллиард теңге бөлінеді – министр
2025 жылға дейін Қазақстанда 9 ірі су қоймасы салынады
Министр өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде мәселе туындамайтынын жеткізді. Қазіргі кезде елде ұзындығы 21,5 мың шақырым болатын 3,5 мың су каналы бар. Оның 11,9 мың шақырым қайта құру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
-->«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.2021 жылы Ұлттық жобаның міндеттерін жүзеге асыруға 89,3 миллиард теңге, биыл шамамен 161 миллиард теңге қарастырылған. Атырау мұнай өңдеу зауытында түтін газдарын католикалық крекингтен тазарту және қондырғылардағы отын газын аминмен өңдеу жұмыстары жүргізілуде, бұл ластаушы заттардың шығарындыларын 3,6%-ға азайтады. Жалпы, 2030 жылға қарай шығарындылардың 9,1%-ға төмендеуі жоспарланған, – деді С.Брекешев.
2025 жылға дейін Қазақстанда 9 ірі су қоймасы салынады
Олардың жалпы көлемі 1,7 млрд текше метр. Өткен жылы Түркістан облысында «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын пайдалануға берілді. Қалғандары бойынша бүгінде жобалау құжаттамасы әзірленіп жатыр, - деді Серікқали Брекешев.
Министр өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде мәселе туындамайтынын жеткізді. Қазіргі кезде елде ұзындығы 21,5 мың шақырым болатын 3,5 мың су каналы бар. Оның 11,9 мың шақырым қайта құру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Мәселен былтырға дейін 5,6 мың шақырым болатын каналды қайта жаңарттық. 2025 жылға дейін қалған 6,4 мың шақырым каналды қайта жаңғыртамыз. Нәтижесінде су шығыны шамамен 1,6 млрд текше метрге азаяды, - деді министр Үкімет отырысында.