Әртүрлі

Жел, тұман, шаңды дауыл: 23 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қызылордада, оңтүстікте, Түркістанның шығысында, Атырау облыстарының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысында күндіз қатты ыстық болады деп болжанады.

-->

Республикада кей жерлерде жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте, шығыста, батыста – тұман түседі, облыстың солтүстігінде, шығысында түнде топырақта 2 градусқа дейін суық сақталады. Күндіз оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, – делінген «Қазгидромет» РМК таратқан ақпаратта. 

Қызылордада, оңтүстікте, Түркістанның шығысында, Атырау облыстарының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысында күндіз қатты ыстық болады деп болжанады.