Елімізде тәрбиешілер мен мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өседі
Министр бүгінде мұғалімдер үй-үйді аралаудан және міндетіне кірмейтін жұмыстардан босатылғанын атап өтті.
-->Жалақы біраз өсті. Ендігі жылы президенттің тапсырмасына сәйкес тағы 25%-ке процентке артады. Бізде көбіне жалақы көбейеді дегенде мектептегі мұғалімнің айлығы ғана өсетін сияқты болып қабылданады. Бірақ 2020 жылдан бастап жыл сайын, келесі жылы да, мұғалімдердің, балабақша тәрбиешілері мен қызметкерлерінің, колледж қызметкерлерінің, қосымша білімдегі педагогтердің жалақысы 25 пайызға өседі, - деді Аймағамбетов тамыз конференциясында.
Министр бүгінде мұғалімдер үй-үйді аралаудан және міндетіне кірмейтін жұмыстардан босатылғанын атап өтті.
Министрліктің бұйрығына сәйкес енді мұғалімдер күн сайын тек екі құжат қана толтырады. Біз сіздермен бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз, - деді ол.