Әртүрлі

Жәннатта әр еркекке 5000 қыз беріледі – медресе ұстазы (ВИДЕО)

Дина Таңсәрінің айтуынша, видеодағы жігіт – Түркістан облысындағы медреселердің бірінің ұстазы.

Медресе мұғалімі видеода осылай дейді:

-->

Дина Таңсәрінің айтуынша, видеодағы жігіт – Түркістан облысындағы медреселердің бірінің ұстазы.

Медресе мұғалімі видеода осылай дейді:

Оларға жәннатта пәк, таза әйелдерден беріледі. Мына дүниеде біздер мұсылманшылықты ұстаған халықпыз. Пәк қыздар әлі де болса көп өте. Бірақ қыз қанша жерден пәк болса да, еркек сияқты оның түсіне жаман түстер кіруі мүмкін екен. Бірақ Алла тағала жәннаттағы қыздарды сипаттап тұрып айтады: Оларға адам да, жын да жоламаған. Олардың түсіне де жамандық кірмеген. Олар жаман түс көрмеген. Сондай пәк қыздар беріледі. Хор қыздары жайлы хадистерде келтіріледі. Кімде-кім бір әйелімен жәннатқа кірсе, ол әйеліне қоса, оған 70 хор қызы беріледі дейді. Бір әйеліңізбен жәннатқа кірсеңіз, 71 әйеліңіз болады. Әр хор қызының 70-тен қызметшісі болады яғни бір әйелмен жәннатқа кірсеңіз, 4 900 әйеліңіз болады. Сол кезде 2-3 әйел алмағандар бармақтарын шайнайды екен. Бұл – менің сөзім емес. Бұл – хадис. Алла тағала әйелдерді солай сипаттайды, - деп айтады видеода медресе ұстазы.