Әртүрлі

223 млн теңгені жымқырған қазақстандық азамат Ресейден экстрадицияланды

Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін іздеу жарияланған  Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Күдікті Павлодарда 2019-2023 жылдар аралығында таныстарынан бизнесті дамыту үшін ақша алып, кепілдік ретінде басқа адамның пәтерін ұсынған.

«Оның қылмыстық әрекеттері салдарынан Павлодар қаласының 66 тұрғынына жалпы сомасы 223 млн теңгеден аса шығын келтірілді. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің қашып кетуіне байланысты оған халықаралық іздеуге жарияланған», - деді Бас Прокуратураның баспасөз қызметі. 

Өткен жылдың желтоқсанында алаяқ Ресейдің Адыгея Республикасының аумағында ұсталды, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының өтінішімен елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.