«Баланы бірге мектепке дайындайық» атты республикалық акция басталды
-->
Мектеп жасындағы бүлдіршіндерге жаңа оқу жылы басталар алдында қуаныш сыйлап, оқушыларды керек-жарағымен қамтып келе жатқан акция биыл да жалғасын тауып отыр. Іс-шараның мақсаты - тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындық бойынша қолдау көрсету. Мұндай көмекті 1 қыркүйекке дейін ата-аналары AMANAT партиясының филиалдарына көмекке жүгінген балалар алады. Бұл қайырымдылық іс-шарасы республика бойынша өтеді, - деді AMANAT партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуәқасов.