Әртүрлі

Биыл 1 500-ге жуық есірткі қылмысы тіркелді – ІІМ

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау мен Павлодар облыстарының аумағына синтетика есірткілерін жеткізумен әрі сатумен айналысқан 3 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

-->

Биыл 7 айда 1 491 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде 874 сату фактісі және 227 аса ірі көлемде есірткіні сақтау дерегі анықталды. Жыл басынан бері еліміздің аумағында барлығы 4 жарым тонна түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 2,2 тонна марихуана, 400 келіден астам гашиш және 87 келі синтетикалық есірткі алынды, - деді Д.Оралов.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау мен Павлодар облыстарының аумағына синтетика есірткілерін жеткізумен әрі сатумен айналысқан 3 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

Синтетикалық есірткіге байланысты 890 қылмыс тіркелді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында 23 есірткі зертханасы жойылды, - деді Д.Оралов.